Сіздерді «Денсаулық сақтау жүйесіндегі корпоративтік басқару», «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» оқыту семинарларына, «Медициналық ұйымдардың басшылары үшін көшбасшылық», «Өзгерістерді басқару», «Коммуникатік дағдылар» және « Кадр ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары » дайындау бойынша тренингтерге қатысуға шақырамыз.

2019 жылғы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «ARiF’19» тәуекелдерді басқару саласындағы бірінші халықаралық практикалық форум өтті.

 

Форумға Қазақстан және жақын шетел ұйымдарының өкілдері қатысты: «Делойт және Туш ТМД» АҚ, «Газпром» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, ДСДРО және т. б.

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК және Денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулер жөніндегі өңірлік оқу орталығы «Имплементациялық зерттеулер (Implementation Research)» халықаралық тренингіне тыңдаушылар қабылдайтындығын жариялайды.

 

Тренинг ДСДРО базасында 2019 жылғы 26-29 тамыз аралығында Гана университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жаттықтырушылар, профессор Филлис Дако-Гайк (Phyllis Dako-Gyeke) және профессор Эммануэль Асампонг (Emmanuel Asampong) қатысуымен өткізілетін болады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» жаңа Кодекс жобасы 2019 жылғы 12-13 шілдеде ДСДРО негізінде талқыланды.

 

Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері қатысты. ҚР ДСМ заң қызметі департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет талқылау барысында модераторы болды.

11 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Британдық медициналық журнал (BMJ) Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бірлесіп Қазақстанда BMJ-дің «Клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау (CDS)» бастамасын ресми түрде іске қосты.

 

Іс-шара Ұлыбритания елшінің, ҚР-дағы АҚШ миссиясы басшысының орынбасары, DTRA (АҚШ) өкілдерінің, BMJ компаниясы басшылығының, басқа да халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстанның медициналық ұйымдарының, ҒЗИ, ҒО және медициналық университеттері басшыларының қатысуымен Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның басшылығымен өтті.