Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту мәселелері бойынша панельдік сессия өтті. Іс-шара Пәкістан, Мьянма және Вьетнам денсаулық сақтау саласындағы жоғары басшылық үшін Әріптестердің ғаламдық желісі (Р4Н) ұйымдастырған Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту бойынша Көшбасшылық бағдарламасының екінші модулі шеңберінде өткізілді (біріншісі Шри Ланкада өтті, үшіншісі Жапонияда жоспарланып отыр).

 

Панельдік сессияға қатысушылар ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасы төрағасының орынбасары Ботагөз Жакселекова, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев және ДСДРО бас директоры орынбасарының м. а. Зарина Темекова денсаулық сақтаудың ағымдағы реформалары туралы айтып берді.

4 маусымда «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығы күшіне енді.

 

Қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары және штаттық нормативтерін бекіту бойынша құзыреті өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативін бекітуге ауыстырылды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында сағат 10: 00-ден 13:00-ге дейін Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында 2020-2025 жылдарға арналған халық денсаулығын жақсартудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа Кодекс жобасының алғашқы көпшілік тыңдауы өтті.

 

Талқылауды Денсаулық сақтау Вице-министрі Ләзат Ақтаева жүргізді. Көпшілік тыңдауына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, медициналық университеттердің, ұлттық институттар мен ғылыми орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық агенттіктердің, медицина қоғамдастығының өкілдері және денсаулық сақтаудың белгілі ұйымдастырушылары қатысты.

Бүгін «Медициналық туризмді дамыту және импортты алмастыру» жобасы шеңберінде ШЖҚ РМК «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» Монғолиядан келген делегация үшін Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдары бойынша ақпараттық тур өткізді.


Делегаттар «University Medical Center» Ұлттық балаларды оңалту орталығына, «Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа» және «UMIT» – Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-85 «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау ережесін бекіту туралы» бұйрығы бекітілді.

 

Осы Қағидалар қоғамға және бүкіл мемлекетке, денсаулық сақтау саласына күтілетін медициналық, әлеуметтік және экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін және халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатымен денсаулық сақтау технологияларын енгізу, қолдану және (немесе) шығару туралы шешім қабылдау үшін ғылыми негізді қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау технологиялардың бағалау (бұдан әрі- ДТБ) тәртібін реттейді. Қағидалар  ДТБ өткізу кезінде ДТБ әдістерін, уақыт мерзімдерін және процестегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуін көрсетеді.