16 мамырда ДСДРО-да «Медицина қызметкерлерінің салалық біліктілік шеңберін (СБШ) және үздіксіз кәсіби даму жүйесін (ҮКДЖ) жетілдіру» тақырыбында «Атамекен» ҰКП, кәсіподақ ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шара жұмысына Skillscenter «Дағдылар мен құзыреттілік орталығы» одағының директоры, БҰҰ-ның Ресейдегі білім беруді дамыту жобасында сарапшысы, халықты жұмыспен қамту және құзыреттілік мәселелері бойынша Дүниежүзілік Банк жобасында сарапшы Павел Черных қатысты.

Қазақстанда клиникалық шешімдерді қолдау бойынша British Medical Journal (BMJ) бастамасын дамыту шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында енгізу жөніндегі үйлестіруші қызметіне конкурс ашылды.

 

Менеджер клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау мәселелерімен айналысуы, оқыту жүргізуі қажет. Әрбір кандидат үшін міндетті шарт – Қазақстан азаматы болу.

 

Бұл жұмыс Қазақстанда инфекциялық ауруларды анықтауды, диагностикалауды және жүргізуді жақсартуға бағытталған шешім қабылдауды клиникалық қолдау жөніндегі BMJ бастамасының бір бөлігі болады. Бағдарлама 2019 жылы іске қосылады. BMJ Өңірлік даму жөніндегі менеджерімен және Лондондағы командамен байланыста жұмыс істей отырып, енгізу жөніндегі менеджер жобаны іске асыруды басқаратын болады. 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2018 жылы медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми мен инновациялық ғылыми орталықтарының рейтингін қорытындылады.

 

Ғылыми ұйымдарды бағалаған кезде мынадай көрсеткіштер ескеріледі: ғылыми зерттеулердің көлемі, халықаралық сарапшылардың мақалалары бойынша жарияланымдар саны, қазақстандық авторлардың жұмыстарының сілтемелер саны, қауіпсіздік құжаттарының саны, ғылыми әзірлемелер, коммерциализациялау деңгейінде алынған нәтижелерді және оларды практикалық денсаулық сақтауда енгізіу, сондай-ақ халықаралық конференцияларға қатысу.

Алматыда 24-26 сәуір аралығында Қазақстанның отбасылық дәрігерлерінің 4 съезі өтіп жатыр, оған еліміздің барлық аймақтарынан келген отбасылық дәрігерлерден басқа Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген қонақтар қатысуда.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы болды.

Бүгін Алматыда Қазақстан ғалымы, Денсаулық сақтау саясаткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Айқан Ақанұлы Ақановтың құрметіне Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жүргізетін «Ақан оқулары: МСАК-тың  денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз етудегі рөлі» атты студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

 

Конференция жас ғалымдардың, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруға, олардың ғылыми ой-өрісін  және әртүрлі ғылыми бағыттар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге, өзекті ақпаратпен алмасуға, жастардың инновациялық әлеуетін анықтауға және дамытуға бағытталған.