2019 жылдың 5-6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Ресей және Нидерланд халықаралық сарапшылар қатысуымен «Медициналық білім: үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

 

Іс-шара денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибемен алмасу, сонымен қатар медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді оқыту үшін «Қазақстанның білім беруді дамытуды қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен ұйымдастырылды.

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі семинар өтті.

 

 Іс-шараға Қазақстан Республикасы министрліктерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

2019 жылдың 29 маусыннан 02 шілдеге дейін Стокгольм (Швеция) қаласында “Clinical pharmacology meets tomorrow´s health care challenges” атты Еуропалық клиникалық фармакологтар және терапевттер қоғамының 14-ші Конгресі өтті.

 

Аталған конгрестің ұйымдастырушысы 1995 жылдан бастап дәрілік заттарды ұтымды пайдалану туралы конгрестерді өткізіп жүретін Еуропалық клиникалық фармакологтар және терапевттер қоғамы болып табылады.

24 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мен Әзірбайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау және реформалар орталығының директоры Гахраман Ахвердиев Ынтымақтастық туралы меморандумжасаты

 

 Меморандум аясында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласында елдер арасындағы ынтымақтастық дамитын болады. Келісім ұлттық аккредиттеу жүйесін құру саласындағы тәжірибе мен білімнің өзара тиімді трансферіне бағытталған.

24-28 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын дайындау бойынша оқыту курсы өтті.

 

 Курс аккредиттеу сарапшыларының деректер базасын кеңейтуге және оның құрамын жаңартуға бағытталған. Осы курсқа қатысу үшін тыңдаушылар ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2015 жылғы 10 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларының талаптарына сәйкес іріктеуден өтті.