2019 жылғы 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 қалалық балалар ауруханасы базасында ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Сәуле Сыдықованың төрағалығымен «Практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызметтің жаңа моделін әзірлеу және енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

 

Семинар жұмысына шамамен 61 адам – ҚР пилоттық медициналық 31 ұйымының, 7 пилоттық жоғары медициналық колледждің, ҚР медициналық ЖОО, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілдері, МСАК жөніндегі жобалық кеңсенің өкілдері, ДБ жобалық тобы және операциялық рәсімдер стандарттарын әзірлеушілер қатысты.

Үш күндік сапар шеңберінде ДСДРО қызметкерлері Ресей Федерациясынан келген делегацияны Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау объектілерінің жұмысымен таныстырды

 

Кеше, сапар барысында РФ Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ өкілдерінен құралған делегация Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне барды. Ұлттық нейрохирургия орталығында делегация госпитальдық фармация бөлімінің қызметімен және дәрілік заттарды орталықтандырылған көбейту ерекшеліктерімен таныстырылды.

19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың төрағалығымен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ делегациясымен кездесу өтті.

 

Ресей әріптестеріне қызмет көрсету сапасын арттыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова және ҚР ДСМ ДСДРО Бас директоры Айнұр Айыпханова таныстырды.

ДСДРО ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, ғылыми орталықтар/институттар мен медициналық ұйымдардың жыл сайынғы рейтингісін қорытындылады.

 

Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы және ресурстарды пайдалану тиімділігі саласындағы 50-ге жуық ең маңызды көрсеткіштер іріктелді.

 

Саралау әдістемесінде осы жылы кейбір көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл көтеріліп кеткен: САТ-пен емделген науқастардың өсу қарқыны, стационардағы өлім-жітім; алдын алуға болатын аналар өлім-жітімі жағдайларының саны және көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл төмендеді; ақпараттық медициналық жүйелердің болуы; пациенттердің қанағаттану деңгейі; персоналдың қанағаттану деңгейі; дәрігердің 1 ставкалық орташа айлық жалақысының аймақ экономикасындағы орташа айлық атаулы еңбекақыға арақатынасы. Сонымен қатар, рейтинг жүйесіне жаңа профиль қосылды – «Орталық аудандық ауруханалар».

8 тамызда ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «ӘМСҚ» КЕАҚ-мен және РЭДСО-мен ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жетілдіру үшін ақпараттық жүйелерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.