Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында бес күндік біліктілікті арттыру циклына тыңдаушылар қабылдайды.

 

Циклді өткізу күні 2019 жылғы 18-22 қараша.

 

54 сағаттық курс ҒЗИ және медициналық ЖОО басшыларына, қызметкерлеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілерге арналған.

15 қазанда Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ДСДРО ұжымына ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханованы ҚР ДСМ Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлады. Денсаулық сақтау министрінің 10 қазандағы бұйрығына сәйкес ұйымның Бас директорының міндетін атқару Бас директордың орынбасары Зарина Темековаға жүктелді.

 

Сонымен қатар, ДСДРО Стратегиялық даму орталығының басшысы Жания Нұрғалиева Бас директордың орынбасары қызметіне тағайындалды және Менеджмент орталығының, Білім және ғылымды дамыту орталығының, Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының, Медициналық көмекті жетілдіру орталығының қызметіне жетекшілік ететін болады.

11 қазанда қалалық туризм бойынша UNWTO 8 жаһандық саммиті аясында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Үндістан, Ресей Федерациясы, Италия, Испания, делегациялары үшін, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін Нұр-сұлтан қаласының жетекші медициналық ұйымдары бойынша ақпараттық тур өткізді.

 

Ақпараттық тур барысында делегаттар қаланың жетекші медициналық ұйымдары – "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ, "University Medical Center" корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханаларына барды.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2019 жылдың 1-жартыжылдығындағы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша медициналық ЖОО-лардың, ҒЗИ, ҒО рейтингтік бағалау қорытындысын шығарды және 2016 жылдан бергі кезеңдегі рейтингтік көрсеткіштер серпініне баға берді.

 

2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында медициналық ЖОО рейтингісінде келесі ұйымдар алдыңғы орында тұр: 1-ші орында – «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, 2-ші орында – «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, 3-ші орында – «Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ.

4-5 қазанда Ақтөбеде Республикалық медициналық палатаның 5 съезі өтті. Съезд жұмысына 150-ден астам ресми делегат қатысты, олардың қатарында облыстық РМП филиалдарының өкілдері, медициналық және ғылыми ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ҚР ДСМ комитеттерінің қауымдастықтарының және ДСДРО өкілдері болды.

 

Съездің диалог алаңында Дәрілік заттар мен медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығының стандарттар бөлімінің бастығы Ләззат Есбатырова және Менеджмент орталығы денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары обсерваториясының бас маманы Еркен Хафизов баяндама жасады.