ДСДРО Атырау облысының мамандарын менеджментті дамытуға, корпоративтік басқаруға және HR-менеджментке үйретеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылғы 4-8 қараша аралығында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы менеджментті, корпоративтік басқаруды және HR-менеджментті дамыту мәселелері бойынша біліктілікті арттырудың апталық циклін өткізеді (54 сағат көлемінде).
Оқыту цикліне Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, кадр қызметінің басшылары мен қызметкерлері, Атырау облысындағыБайқау кеңестерінің заңгерлері мен хатшылары қатысады.
ДСДРО сайтында барлық қалаушылар өзекті КХ-мен таныса алады
- Толығырақ
- Автор: Super User
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық хаттамаларды (бұдан әрі – КХ) әзірлеу/қайта қарау жөніндегі функцияны бәсекелестік ортаға (бейінді медициналық қауымдастықтар, ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық орталықтар, медициналық жоғары оқу орындары) берген. Дәлелді медицина қағидаттарына сәйкестікке КХ әзірлеу/қайта қарау регламентіне сәйкес КХ тақырыптарына басымдық беру және әзірленген/қайта қаралған КХсараптамалық бағалау жөніндегі функциялар ДСДРО-ға берілді.
КХ әзірлеу және қайта қарау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша жыл сайын жүргізіледі, бұл ретте 2016 жылы әзірленген (2019 жылы жаңартылған) және Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мақұлдаған КХ әзірлеу және қайта қарау регламентіне сәйкес КХ5 жылда кемінде 1 рет қайта қаралады. Қазіргі заманғы технологиялармен салыстырғанда артықшылығы бар диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу қажет болған жағдайда, негіздеме жәнеКХ клиникалық тиімділік пен қауіпсіздік туралы деректер, осы әдістердің дәлелділік деңгейі болған жағдайда кәсіби орта–медициналық ұйымдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, ұлттық орталықтарменбастамашылық тәртіппен қайта қаралуы және толықтырылуы мүмкін.
ДСДРО-да денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан-Корей жұмыс тобының бірінші отырысы өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылғы 1 қарашада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының базасында Қазақстан мен Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау министрліктерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Іс-шара Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі Жаһандық денсаулық сақтау департаментінің директоры Пак Чан-Гю мырза мен KHIDI Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының Жаһандық денсаулық сақтау департаментінің директоры Бэ Джа-Соп мырзаның басшылығымен Оңтүстік Кореядан келген бейінді бағыттағы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Нұр-Сұлтанда «МЖӘ және инвестициядағы ESG факторлар» Бірінші халықаралық форумы өтуде
- Толығырақ
- Автор: Super User
30 қазан - 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс орталығында «МЖӘ және инвестициядағыESG факторлары»атты бірінші халықаралық форумы өтуде, онда бүкіл әлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру перспективалары мен проблемалары талқылануда.
Іс-шара Азия Даму Банкінің қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі және«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-мен ұйымдастырылды,және диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналуы тиіс. Форум барысында көтерілген тақырыптар Қазақстандағы МЖӘ тетіктерін дамытуға қосымша серпін бере алады. Осы форумның тең ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және БҰҰДБ болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласында БМСК Астана декларациясының жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 ж. 25 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен Назарбаев Университетінің Медицина мектебі базасында Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Астана Декларациясының қабылдануының бір жылдығын мерекелеуге арналған дөңгелек үстел өткізді.
Қонақтар алдында ҚР-ның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Төрегелді Шарманов құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға негізгі спикерлер ретінде Шияма Курувила (штаб пәтер, Женева), Клейтон Гамильтон (Еуропалық аймақтық бюро, Копенгаген), Олег Честнов (елдік кеңсе, Нұр-Сұлтан) және Энн Йохансен (МСАК жөніндегі географиялық қашықтағы кеңсе, Алматы) сияқты ДДҰ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, іс-шарада денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы халықаралық серіктестік ынтымақтастық желісінің (P4H) өкілі Гвен Даен, ЮНИСЕФ-тің елдік кеңсесінің өкілі Қанат Суханбердиев және Қартаю мәселелері жөніндегі ұлттық денсаулық сақтау және ғылым институтының (Италия) өкілі Франческо Барбарелла сөз сөйледі. Іс-шараның пленарлық бөлігін ҚР ДСМ Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а. Айнұр Айыпханова модераторлық етті.