Нұр-Сұлтан қаласында медициналық көмектің сапасын тәуелсіз сараптау жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында СҚ-Фармация кеңсесінде ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, олардың аумақтық бөлімшелерінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, ДСДРО, кәсіби қауымдастықтар өкілдерінің, ЗТБ және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен медициналық көмектің сапасын тәуелсіз сараптау жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша тәуелсіз сараптама жүйесін реттеудегі заңнамалық олқылықтарды жою, сапасын жақсарту және олардың қызметін стандарттау бойынша ұсыныстар әзірленді.
ДСДРО ұйымы қазақ тілін дамытуға бағытталған «Абай оқулары» сайысын өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін ДСДРО ұйымы қазақ тілін дамытуға бағытталған «Абай оқулары» сайысын өткізді. Бұл іс-шара - ұлағатты ойшы, ақын және жазушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.
Әрбір бөлімнің белсенді қызметкерлері мемлекеттік тілде Абайдың қара сөздерін жатқа айтып, өлеңдерін баяндап, әндерін айтып берді.
ДСДРО өкпенің созылмалы обструктивтік ауруларын АББ-ға пилоттық енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі
- Толығырақ
- Автор: Super User
ДСДРО медицина қауымдастығына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында пульмонология саласындағы жетекші ұлттық сарапшы К. А. Гаркаловтың қатысуымен бірлесіп, МСАК-тың үздік практика орталығында «Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы» (СОӨА) нозологиясын Ауруларды басқару бағдарламасына пилоттық енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі.
Әдістемелік ұсынымдарда СОӨА басқару бағдарламаларын табысты енгізу және ауруларды диагностикалау мен емдеу мәселелеріне тереңдемей, оның тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды жүргізудің ұйымдастырушылық мәселелері ұсынылған. Сондай-ақ, АББ негізгі элементтері, оны енгізу кезеңдері, АББ моделін ұйымдастыру жағдайлары, СОӨА басқару шарттары көрсетілген, енгізуді бағалау индикаторлары әзірленді, пациенттерді өзіндік менеджментке және бақылау құралдарына оқыту әдістемесі баяндалған.
ДСДРО сыртқы есту жолының туа біткен бітеулігі мен микротия жағдайындағы реконструктивтік операциялар технологиясына бағалау жүргізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК «Сыртқы есту жолының туа біткен бітеулігі мен микротия жағдайындағы реконструктивтік операциялар» атты денсаулық сақтау технологиясына бағалау жүргізді.
Туа біткен есту атрезиясы мен құлақ құрылымының анатомиялық ақаулары бар пациенттерде сүйек өтімділігі бар есту аппаратын импланттау жиі жалғыз сенімді және басқа технологияларға қарағанда қауіпсіз емдеу әдісі болып табылады. Алайда бірден операциядан кейін және араласудан кейінгі ұзақ уақытта атрезиапластиканың нәтижелерін бағалау есту көрсеткіштерінің нашарлағанын көрсетті, бұл ретте, есту қабілетінің төмендеу көрсеткіші 84%-дан 61%-ға дейін өзгереді.
ДСДРО пациенттің қауіпсіздігі стандарттарын сақтау бойынша шеберлік класын өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
17 қыркүйекте №1 қалалық балалар ауруханасы және №13 қалалық емхана базасында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен пациенттің қауіпсіздігін сақтау бойынша үздік практикаларды енгізу бойынша шеберлік класы өтті.
Іс-шараға ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, ҚР ДСМ ТҚСҚБК-нің аумақтық департаменттерінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның, Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты.