"Әрбір әйел, әрбір бала"
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі атынанхалықаралық коалиция өткізген денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі саяси міндеттемелерді жұмылдыру үшін жоғары деңгейдегі «Әрбір әйел, әрбір бала» атты іс-шарада әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту тақырыбында панельдік пікірталаста сөз сөйледі.
Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау
- Толығырақ
- Автор: Super User
Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау уақытылы анықтау,асқынулардың алдын-алу,МСАК көрсететін медициналық қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлермен қоса,басқа да медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында,медициналықпункт,дәрігерлік, амбулатория, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), поликлиникалар (аудандық,ауданаралық,қалалық) жағдайында олардың профилактикалық және медициналық реабилитация іске асыру мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен анықталған және бекітілген:
ДСДРО «Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін Денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастыру саласына беру әдістемесі мен құралдары» мастер-класс өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылғы 23 қыркүйекте Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында «Денсаулық сақтау саясатында дәлелдемелерді пайдалану» республикалық кеңесі өтті. Кеңес жұмысына ҚР ДСМ, медициналық ЖОО, ҒЗИ, ҰО, үкіметтік емес ұйымдар және ДСДРО өкілдері қатысты.
Кеңес шеңберінде жағдаяттық талдаудың нәтижелері және денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруда дәлелдемелерді қолдану тәжірибесін дамыту бойынша қажетті қадамдар талқыланды. ДСДРО қызметкерлері саясатты қалыптастыру үшін (Policy Brief) ғылыми деректердің талдамалық шолуларын әзірлеу негізінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін саясатты қалыптастыру саласына беру құралдарын енгізу тәжірибесін ұсынды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында, Қазақстан мен АҚШ денсаулық сақтау министрліктері бірігіп, МСАК тақырыбында қосымша шара өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында, 23 қыркүйек күні Қазақстан мен АҚШ денсаулық сақтау министрліктері бірігіп, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) тақырыбында қосымша шара өткізді.
Шараға қатысқандар арасында:
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, БҰҰ Балалар Қорының, Халықаралық телекоммуникация одағының бірінші басшылары;
- Қазақстан, АҚШ, Бразилия, Гана, Нидерландтар, Сингапур елдерінің Денсаулық сақтау Министрлері және Греция Вице-министрі;
- Дүниежүзілік Банк, Дүниежүзінің отбасы дәрігерлерінің ассоциациясы және МСАК жас лидерлері ұйымдарының басшылары болды.
ДСДРО Р4Н желісі үйлестіру тобының кездесуіне қатысты
- Толығырақ
- Автор: Super User
9-13 қыркүйек аралығында ДСДРО Германия, Бонн қаласындағы Р4Н желісі үйлестіру тобының кездесуіне қатысты.
Талқылаулар мен келіссөздерге қатысу барысында Р4Н желісі мен үйлестіру тобының қатысушылары стратегиялық жоспар мен жұмыс бағдарламасын талқылауды, денсаулық сақтауды қаржыландыруға жеке секторды тартуды, саяси экономика құралын әзірлеуді, цифрлық платформаны тиімді пайдалануды жүргізді, сондай-ақ Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігінің өкілдерімен кездесті (Bundesministerium für wirtschaftliche Zusammenarbeit und Entwicklung, BMZ).