2020 жылдың 22-26 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы негізінде елордалық медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинары өткізіледі.

ДСДРО-ның Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының жетекшісі Гульзира Жусуповадәрілік заттарды ұтымды пайдалануға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер, елорданың 22 медициналық ұйымдары арасында дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды бағалау нәтижелері туралы сөз сөйлеуденбастап,семинардың бірінші күнін ашты.

Құрметті Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері, қымбатты достар, әріптестер! Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!

#Bizbirgemiz республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының ДСДРО-ның бастауыш партиялық ұйымы " тұрғындарының әлеуметтік осал топтарына арналған азық-түлік жиынтығын жеткізу бойынша "Нұр Отан" партиясы Нұр-Сұлтан қаласының филиалының қайырымдылық акциясына қатысты. Жиынтықтың құрамына жармалар мен макарондар, май мен шай, қант, сондай-ақ бірінші қажеттілік заттары кіреді.

 

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ДСДРО) «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығы мен «Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы» ҚР Президентінің жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін басымдықты тақырыптар бойынша 2020 жылы денсаулық сақтау технологияларын бағалауды жүргізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылғы 15 маусымға дейін ұзартылғандығын хабарлайды.

 

Денсаулық сақтау дамыту республикалық орталығы 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҰО рейтингтік бағасының қорытындысын және соңғы үш жылдағы рейтингтік көрсеткіштердің серпінін бағалауды шығарды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының рейтингісінде 1-ші орынды С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті иеленді. 2 –ші орын-Қарағанды медицина университеті, 3–ші орын-Астана медицина университеті, 4-ші орын - М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті. және 5 - ші орын - Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы. Айта кету керек, аталмыш рейтингтік орындар медициналық ЖОО, ҒЗИ, ҰО қызметкерлерінің ғылыми белсенділігінің нәтижелерін көрсетеді.