Қырғызстан қазақстандық медициналық орталықтардың қызметтеріне қызығушылық танытуда
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстанда медициналық туризмді дамыту аясында қазақстандық клиникалардың медициналық қызметтерін шетелде жылжыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады. Медициналық қызметтерді жылжытудың негізгі тетіктерінің бірі көрмелер, ақпараттық шерулер, конференциялар және форумдар ұйымдастыру болып табылады.
Шілде айының соңында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы туристік операторлар мен агенттіктердің басшылары, Қырғыз Республикасы медициналық ұйымдарының өкілдері үшін Алматының медициналық клиникалары бойынша ақпараттық шеру өткізді.
ДСДРО 2017 жылдың қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың рейтингін жариялады
- Толығырақ
- Автор: Super User
ДСДРО ішкі және сыртқы аудит нәтижелері, сондай-ақ 2017 жыл бойынша пациенттердің пікірлері негізінде ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау қорытындысын шығарды.
Медициналық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың жыл сайынғы рейтингі 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған және денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық ұйымдар қызметінің ашықтығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы саласындағы 50 жуық ең маңызды көрсеткіштер іріктеліп алынды.
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын жаңғырту мәселелері жөніндегі семинар өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
«ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасын іске асыруда медициналық ұйымдарға ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету шеңберінде Қазақстанның өңірлерінде денсаулық сақтау саласын жаңғырту мәселелері бойынша семинарлар өткізу жалғасуда.
26-27 шілдеде Шымкент қаласында жергілікті семинар болып өтті, оған жетекшілері қ. Шымкент және Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, Фармация комитеті аумақтық департаменттерінің өкілдері, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлер, бас дәрігерлердің орынбасарлары қатысты.
Денсаулық сақтау министрлігі алқа мәжілісінің материалдары сайтында қолжетімді
- Толығырақ
- Автор: Super User
20 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісі өтті.
Мәжілісте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, ҚР ДСМ Қоғамдық Кеңес мүшелері, сондай-ақ облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары Денсаулық сақтау басқармаларының, ведомстволардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
ДСДРО қызметкерлері «Professionalize Kazakhstan» білім беру жобасына қатысуда
- Толығырақ
- Автор: Super User
Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында «Professionalize Kazakhstan» (K-Pro3) бірегей форматындағы білім беру жобасы бойынша Centras Management Academy ұйымдастырған екі апталық тренинг өтілуде.
Тренинг мұғалімдердің, кәсіпқойлардың, болашақ орта менеджерлердің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған және келесі құзыреттерді дамытуға бағытталған: азаматтық бастама, көшбасшылық, проблемаларды шешу, жүйені көру, әмбебаптық, IT-технологияларды білу.