27 тамызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында медицина қызметкерлерін ынталандыру және кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты.

 

Қатысушыларға сәлемдеме сөзімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстары департаментінің директоры Айгүл Қаптағаева және ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова шықты.

 

27-28 тамыз аралығында Павлодар қаласында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың басты мәселелері бойынша аймақтық семинарлар өтті.

Семинарды жүргізетіндер:  ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің, ҚР ДСМ Фармация комитетінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері

ҚР ДСМ-нің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК  мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің қанағаттандырылуы туралы сауалнама жүргізуде.

 

Сауалнама жұмыс шарттарын, басқару деңгейін, ынталандыруды анықтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының мансаптық мүмкіндіктеріне, оқытуға және дамытуға бағытталған.

2018 жылғы 23 тамызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық ұйымдардың сапаны бақылау жөніндегі  бірінші басшылардың орынбасарлары мен Қазақстанның республикалық, облыстық, қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының сапа жөніндегі директорларының қатысуымен  селекторлық режимде «Медициналық қызметтердің сапасын басқару» тақырыбы бойынша кеңес өткізді.

 

Спикерлер ретінде ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова «Медициналық көмектің  сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарға  шолу»  тақырыбында, ДСДРО Аккредиттеу орталығы сыртқы кешенді бағалау секторының меңгерушісі Индира Мадиярова «Ұлттық аккредиттеу» тақырыбында,  ДСДРО Стратегиялық даму орталығының басшысы Жания Нұрғалиева «Медициналық ұйымдардың рейтингі» тақырыбында баяндама жасады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың  2018-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы» бұйрығына қол қойды және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамытудың  негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі  2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

 

Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек тәуліктік медициналық бақылауынсыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмекті қамтиды.