Қазақстанда формулярлық жүйені жетілдіріледі
- Толығырақ
- Автор: Super User
20-21 қыркүйекте Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстанда дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және формулярлық жүйені жетілдіру бойынша семинар өткізеді.
Клиникалық фармацевт, Жаңа зеландиялық Ұлттық формуляр кеңесшісі, Отаго Университетінің профессоры (Жаңа Зеландия) Дэвид Вудс (David Woods) негізгі жаттықтырушы ретінде болады.
Астанада МСАК-ты дамытудың негізгі мәселелері жөнінде семинар өтуде
- Толығырақ
- Автор: Super User
17-19 қыркүйекте Астанда № 10 қалалық емхананың базасында Денсаулық сақтау министрлігі, ДСДРО «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп, «Инновациялық технологиялар, экономикалық өзгерістер, әлеуметтік бағдар, заманауи медбикелік тәжірибе, бастапқы денсаулық сақтау буыны деңгейіндегі ұйымдық психология» атты семинар-тренинг өткізуде.
Іс-шараға халыққа отбасылық қызмет көрсету қағидатын дамытуға бағытталған жұмыс істеп тұрған емханалардың базасында құрылған 16 өңірлік үздік практика орталықтарының өкілдері, сондай-ақ МСАК саласындағы сарапшылар және мемлекеттік және жеке меншік салаларындағы жетекші практикалық денсаулық сақтау мамандары қатысады.
ДСДРО-да P4H-пен әріптестік қарым-қатынастарды кеңейту мәселесі талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
2018 жылғы 13-14 қыркүйекте Астанада Денсаулық сақтау министрлігі, ДСДРО және GIZ, SDC агенттіктерінің және P4H ғаламдық желісі өкілдері арасында ынтымақтастықты кеңейту және P4H-тың әріптестігін Орталық Азияда және орыс тілді елдерде жылжыту жөніндегі өңірлік орталық ретінде Қазақстанның позициясын нығайту мәселелері бойынша кездесу болып өтті.
Қазақстан сарапшылары делегациясы құрамында стратегиялық жоспарлау жөніндегі GIZ бас кеңесшісі доктор Франц фон Ренна (Dr.. Franz von Roenne), Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін денсаулық сақтау жөніндегі SDC кеңесшісі Плацелла Энричетта (Placella Enrichetta) және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аға кеңесші, ДДҰ-ның ғылыми қызметкері Баярсайхан Дорджсурен (Bayarsaikhan Dorjsuren) барды.
ДСДРО-да ДДҰ қоғамдық денсаулық сақтау сарапшыларымен диалог өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерін дамытудағы қажеттіліктерді бағалау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы делегациясының сапары аясында ДСДРО-да Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның құрамына енгізуге арналған конкурсқа қатысу
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) мүшелікке үміткерлерге іріктеу жүргізеді.
Комиссиясы ҚР ДСМ жанында тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және клиникалық хаттамаларды жетілдіру, медициналық технологияларды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын және қолжетімділігін бақылау жүйесін бағалау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған.