24-27  қыркүйек аралығында Денсаулық сақтау дамыту республикалық орталығында акушерлік қиын жағдайлар аудитіне арналған семинарларды өткізді. Семинарларда Алматы қаласынан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Манғыстау, Атырау обылыстарынан қатысулышылар болды.

 

Ана мен бала Ұллты ғылыми орталығының психотерапевті Ануар Абзуллин және Ұллтық эксперт, ДСДРО-ның бас маманы Гибрат Малгаздаров семинар қатысушыларын акушерлік қиын жағдайлар аудитінің методологиясының принциптерімен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

 

Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып  табылады және клиникалық хаттамаларды, медициналық технологияларды бағалауды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау  саласындағы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған.

 

17 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Денсаулық сақтау саласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.

 

Бұл бұйрық  мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқаруды енгізудің негізгі аспектілерін қозғайды.

 

Қазақстанда жыл сайын халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер бекітіледі.

 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды. 

Куала-Лумпур қаласында қыркүйектің 23-інен 26-ы аралығында ДСДРО Аккредиттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 35-ші Халықаралық ISQua (International Society for Quality in Health Care, ISQua) конференциясы өтеді. Конференцияға 180-нен астам шақырылған шешендер қатысады, 1500 делегат және 400 постерлер күтілуде, осы жылғы конференция ISQua-да бүгінгі күннің ең үлкені болады.

 

«Heads, Hearts and Hands: Weaving the Fabric of Quality and Safety» ISQua  конференциясының тақырыбы  11 өзекті бағыттан тұрады, олардың ішінде: халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарының сапасы мен қауіпсіздігі, пациенттердің қауіпсіздігі, сыртқы бағалау, инновациялық тәсілдер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басшылық пен саясат.