Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2019 жылдың 28-29 қаңтарында ДСДРО-да өтетін «Денсаулық сақтау жүйесінде корпоративтік басқару» тақырыбында семинар-тренингке қатысу үшін ШЖҚ-дағы МК бақылау кеңестерінің хатшыларын шақырады.

 

Тренинг корпоративтік басқару, менеджментті дамыту, кадрлармен қамтамасыз ету және  HR менеджмент бойынша оқытуға бағытталған. Алынған білім саланың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға, медициналық ұйымдардың қызметінде заманауи HR-технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгін ДСДРО басшылығының ұжым алдында өткен жылдың қорытындылары туралы есебі өтті, онда ұжым:

  • бекітілген ДСДРО-ның 2017-2021 жылдарға арналған даму стратегиясының ағымдағы 2018 жылға арналған көрсеткіштеріне;
  • ДСДРО құзыреті шегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің салалық жобаларына;
  • ҚР ДСМ денсаулық сақтау жүйесін реформалау саласындағы мемлекеттік тапсырмасына;
  • денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына қол жеткізу және іске асыру нәтижелерімен танысты.

Астанада 24-25 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, СҚ Фармация, Республикалық санитарлық авиация орталығы және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері қатысатын «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» атты соңғы өңірлік семинар өтуде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша өңірлік семинарлар Қазақстанның барлық аймақтарында өткізілген болатын.

                                                                

Іс-шара «Наркология және психотерапия орталығы» базасында өтеді, семинарға 150-ден астам Астана медициналық ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.

13 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шаралары және денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті.

 

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, медициналық ұйымдардың, үкіметтік емес және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

 

Кеңесте "медициналық ұйымдардағы ақылы қызметтерді талдау және оларды реттеу шаралары" тақырыбында ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығының басшысы Зарина Темекова баяндама жасады.

2018 жылдың 6 және 7 желтоқсанда биомедициналық зерттеулер этикасы және этикалық сараптама жөніндегі халықаралық конференция

70-ке жуық адам ұлттық сарапшылар мен Бельгия, Тайланд, Жапония, Қырғызстан мамандарының қатысуымен өтті.

 

Сондай-ақ, конференцияда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі, Білім және ғылым Министрлігі, «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы» өкілдері, қоғам қайраткерлер, Орталық және жергілікті этика бойынша комиссиялардың мүшелері, зерттеушілер, контрактно-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысты.