Қазақстанда дәрілік заттарды этикалық жылжыту және ұтымды пайдалану бойынша нормалар енгізілуде
- Толығырақ
- Автор: Super User
28 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.
Негізгі жаңалықтардың бірі формулярлық жүйені дамыту арқылы дәрілік заттарды ұтымды пайдалану бойынша нормаларды енгізу, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық жылжыту болып табылады.
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссияға үміткерлерді іріктеу басталды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.
Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады және клиникалық хаттамаларды, медициналық технологияларды бағалауды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған.
ДСДРО менеджментті дамыту және корпоративтік басқару курсына қабылдау туралы хабарлайды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы өңірдегі медициналық мекемелер үшін «Денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында көшпелі семинарларға тыңдаушылар жинақтауда.
Семинар медициналық ұйымдар басшыларын және орынбасарларын, кадр қызметінің басшыларын менеджментті дамыту, корпоративтік басқару, кадрлармен қамтамасыз ету және HR менеджмент мәселелері бойынша оқытуға бағытталған. Алынған білімдер саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға, медициналық ұйымның қызметінде заманауи кадрлық технологияларды қолдануға ықпал етеді.
Астана қаласында медицина қызметкерлерімен өңірлерді қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу жобасы бойынша кеңес өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
17-18 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің, барлық облыстардың денсаулық сақтау және кәсіби медициналық қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында кездесуі өтуде.
Кездесу барысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін көздейтін бұйрық жобасы талқыланды.
Қазақстанда медициналық туризмді дамытуға отандық туроператорларды тарту
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстанда медициналық туризмді дамыту шеңберінде шетелде қазақстандық клиникалардың медициналық қызметтерін ілгерілету және Қазақстан азаматтары арасында озық отандық медициналық ұйымдарды танымал ету жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда.
Бүгін медициналық туризм мен импортты алмастыруды дамыту шеңберінде Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы Астананың жетекші клиникалары бойынша туристік операторлардың, Астаналық туризм қауымдастығы мен блогерлердің қатысуымен ақпараттық медициналық тур өткізді.