Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді талқылады
- Толығырақ
- Автор: Super User
12 шілдеде С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту ориалығының базасында (бұдан әрі-Орталық) «Сараптама мен бақылаудан медициналық көмек сапасының саясаты мен стратегиясын қамтамасыз етуге» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстанда сапалы медициналық көмектің басымдықтарын, проблемалары мен одан әрі дамыту жолдарын анықтау.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Денсаулық сақтау минрстрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, медициналық сақтандыру қорының өкілдері, Орталық қызметкерлері, шақырылған денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары қатысты.
Сондай-ақ, бейнеконференцбайланыс режимінде өңірдің ЖОО-лардың және 100-ден астам адамды қамти отырып, денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қосылды.
Дөңгелек үстел барысында медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингілеудегі өзекті мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік органның медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелері жөнәндегі сарапшыларын оқыту және қайта даярлау мәселелері талқыланды.
Баяндамашылар цифрлық технологияларды, медициналық персоналды оқыту мен менторлықты, мемлекеттік органның сарапшыларын даярлауды, медицина қызметкерлерін ынталандыруды пайдалана отырып, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін ұсыныстар берді, сондай-ақ медициналық қыщметтер көрсетудің сапасы саясатын қамтамасыз етуді іске асыру практикасымен алмасты, денсаулық сақтаудағы жүйелі проблемаларды талқылады.
Еркін дискуссия іс-шараның қорытындысы болды, оның шеңберінде қатысушылар медициналық көмекті арттыру мен қолжетімділігіне бағытталған пікірлермен және тәжәрибемен алмасудағы қиындықтарды еңсеруге күшті шоғырландыру үшін осындай кездесулер өткізу қажеттілігі жөніндегі идеяларымен алмасты.
Астанада ҚР ДСМ-нің сараптама кеңесі мүшелері, ҚР ДСМ-нің және «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК қатысуымен ҚР ДСМ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.
- Толығырақ
- Автор: Super User
Күн тәртібінде республикалық деңгейдегі денсаулық сақтаудағы стандарттау бойынша бірыңғай әдіснамалық орталық базасында медициналық көмек көрсету ұйымдарының клиникалық хаттамалары мен стандарттарын әщірлеуді үйлестіру жүйесін жетілдіру, препараттар мен диагностика әдістерінің тізімін қоса алғанда емдеу хаттамаларын жаңарту мәселелерін бейінді кәсіби медициналық қауымдастықтарға беру тақырыптары талқыланды.
Сондай-ақ, «Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министнің 2020 жылғы 21 қазандағы №ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Кеңесте клиникалық хаттаманың – профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік медициналық көмек бойынша негізгі стандарттардың бірі болып табылатыны және қоғам оның одан әрі жетілуіне қызығушылық білдіретіні атап өтілді.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес (Израиль, АҚШ, Аустралия басқа елдер) клиникалық ұсынымдар пациенттік ұйымдарды тарта отырып, әзірленеді, одан әрі клиникалық ұсынымдардың сараптамасын мемлекеттік орган жүргізеді. Клиникалық хаттамаларды тарату бойынша жұмысьы бейінді медициналық қауымдастықтар жүргізеді.
Біздің елімізде клиникалық хаттамаларды әзірлеу, сараптау және тарату халықаралық тәжірибенің аналогы бойынша жүргізіледі.
Бүгінгі таңда кәсіби қауымдастықтар клиникалық хаттамаларды әзірлеуге және оларды енгізуге қатысуда.
Осылайша, республикалық ғылыми институттар, ұлттық орталықтар, бейінді медициналық орталықтар клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді, өз кезегінде Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы дәлелді базаға сәйкес клиникалық хаттамаларға сараптама жүргізеді.
Сараптамалық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстанда клиникалық хаттамалардың мониторингін енгізу және науқастар қауымдастығын құрудағы алда атқарылатын жұмыстары бағытында ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, сараптамалық кеңестің кезекті отырысын өткізу ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларына жоспарлануда.
Анықтама:
Денсаулық сақтау жөніндегі сараптамалық кеңес бұл - денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу үшін консультативтік негізде құрылған тұрақты жұмысшы орган болып табылады.
ҚР ДСМ сараптамалық кеңесінің мүшелері ҚР ДСМ-нің, медициналық қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының сарапшыларынан құралған.
Қазақстан өңірлерінен келген 45 дәрігер клиникалық зерттеулер (GCP) бойынша біліктілігін арттырды.
- Толығырақ
- Автор: Super User
Осы жылдың 12-23 маусымы аралығында өңірлерден, сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларынан 45 дәрігер Астанада клиникалық зерттеулер бойынша семинар (GCP) шеңберінде оқудан өтті.
Семинарды ҚР ДСМ "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" жанындағы Клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы ұйымдастырды.
Аталған семинардың мақсаты-зерттеуші-дәрігердің мамандануын кеңейте отырып, Қазақстанда клиникалық зерттеулерді одан әрі дамыту.
Семинар аясында тыңдаушылар халықаралық стандарттарға (GCP) және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау принциптері мен әдістерінің базалық білімдері мен дағдыларымен танысты.
Айта кетейік, "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК ғылыми-негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуі мен халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүйесін қамтамасыз ету, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту бойынша Қазақстандағы жетекші ұйым болып табылады.
Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық тұрғыдан іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.
Орталық сондай-ақ Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның жұмыс органы, Формулярлық комиссияның жұмыс органы болып табылады, олардың жұмысын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар мен философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Олар Қазақстанның медициналық білім беру және ғылым ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқудан өтті. Отырыс денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында өткізілді.
Республикалық комиссияның жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аккредиттелген ҮЕҰ, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, сондай-ақ жастар (студенттік) ұйымының өкілдері қатысты.
Бұл ретте түлектердің жалпы саны 9 000 - ға жуық адамды құрайды, олардың ішінде медициналық кадрларға сұраныстар мен өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып - 4 353 жас маман (бакалавриат – 158, интернатура – 2 566, резидентура - 1 216, магистратура - 241, докторантура-172) бөлуге жатады.
Айта кетейік, ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша («Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-2-тармағы), өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын грант бойынша бітірушілердің 20% - ы (жүктілігі, 3 жасқа дейінгі бала күтімі және мүгедектігі себебінен міндетті түрде жұмыс істеуден босату) пайдаланды.
Осылайша, комиссияның атқарған жұмысының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымына 3 281 түлек, оның ішінде қалаларда – 2 382, ауылдық жерлерде - 899 түлек жұмысқа алдын ала орналасу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері медициналық білім беру және ғылым ұйымдарына түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде, оның ішінде әрбір ұйымға бекітіліп берілген өңірлерде біркелкі бөлуді ұсынды. Сондай-ақ, «Назарбаев Университет» ДББҰ және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберілген 2023 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруды ерекше бақылауға алуы тиіс.
Бұдан басқа, республикалық комиссияның жұмыс органы атынан С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мүгедек балалардың қамқоршысы болып табылатын адамдарды жұмысын өтеу жөніндегі міндеттен босату өлшемшарттарын кеңейту бөлігінде НҚА-ға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Жалпы, өңірлендіруді және тұрғылықты жерін ескере отырып, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жыл сайын, тұрақты негізде республиканың ЖОО, ҒЗИ және ҰО жұмысқа орналастыру жөніндегі бөлімдер (карьер-орталықтар) жүргізеді. Әрі қарай С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан республикалық деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен жинақтауды, өзара іс-қимылды, сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа алдын ала бөлуді жүзеге асырады. Бұл ретте www.enbek.kz. электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктері де пайдаланылады.
Денсаулық сақтаудың кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші атынан С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру сапасын арттыруға, медицина қызметкерлеріне сұранысты және даярлау жүйесін үндестіруге ықпал етеді. Бұл жұмыс өңірлер мен көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде кадрлар теңгерімсіздігін төмендетуге, сондай-ақ елдің денсаулық сақтау кадр ресурстарын тиімдірек басқаруға ықпал етеді.
Қымбатты әріптестер, құрметті дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мереке - Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!
- Толығырақ
- Автор: Super User
Күн сайын сіздер азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолында алдыңғы қатардасыздар!
Кейде бұл күресте басқаларды құтқару үшін өз өмірлеріңізді қатерге тігулеріңіз керек.
Сіздердің еңбектеріңіз біз үшін, бүкіл ел үшін өте маңызды! Осы мереке күні сіздерге жақсылық пен мейірімділіктің жоғары мұраттарын ұстанғаныңыз, жанқиярлық жұмысыңыз, Гиппократ антына адалдығыңыз үшін және пациенттеріңізге ең жақсы күтім ұсынғандарыңыз үшін ризашылығымызды және алғысымызды білдіреміз.
Адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертіп, әлемді сау және қауіпсіз етуге үлес қосқаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Сізге және сіздің жақындарыңызға шын жүректен зор денсаулық, амандық, бақыт тілеймін!
Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!
Құрметпен,
Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО Басқарма төрайымы
Құлқаева Гүлнара Өтепбергенқызы