15-16 қарашада медициналық ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының білімдері бағаланады
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК (бұдан әрі - ДСДРО) осы жылғы 15-16 қараша күндері медициналық ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының (бұдан әрі – талапкер) білімдеріне бағалау (бұдан әрі – бағалау) жүргізеді.
Бағалау мақсаты – біліктілікті арттыруды жоспарлау мақсатында денсаулық сақтау менеджерлері құзыреттіліктерінің жақсартатын тұстарын анықтау.
Бағалау қауіпсіздік, қорғау және теориялық білімді бағалау сапасының халықаралық стандарттарына сәйкес, «CyberNet» біріктірілген ақпараттық жүйеде, интернетке тұрақты қосылу негізінде жүргізіледі. Тестілеу аяқталғаннан кейін, нәтижелері сол мезетте талапкердің әрқайсысының жеке кабинетіне жіберіледі. Талапкерлердің бағалау нәтижелері ашық түрде жарияланбайды.
Тестілеу кезінде талапкерге бірнеше нұсқалы жауаптары бар 100 сұрақ беріледі, жауаптардың ішінде біреуі ғана дұрыс жауап болады.
Қазақстан дәрігерлері үшін дәлелді медицина бойынша халықаралық деректер қоры қолжетімді болмақ
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін, 8 қарашада Астана қаласында «Қазақстанның дәлелді медицина бойынша ғылыми-тәжірибелік форумы» («Kazakhstan Evidence-Based Medicine Executive forum») өтті.
Шара аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, жалпы медицина қауымының өкілдері, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары Elsevier компаниясының топ-менеджерлерімен қазақстандық денсаулық сақтау мамандарының ClinicalKey өнімінің бір бөлігі – ClinicalPharmacology ақпараттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін талқылады.
Қазіргі уақытта ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Elsevier компаниясымен 2018 жылға келісімге қол қойды, соған сәйкес аталған деректер қорының 200 нүктесіне қосылуға мүмкіндік туады. Осылайша, жоғары және орта медициналық білім беру ұйымдары, ғылыми және ұлттық орталықтар, сондай-ақ медициналық мекемелер дәлелді медицинаның толықмәтінді ақпарат көздеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Қазақстандық медицина қызметкерлерінің дәлелді медицина бойынша кеңейтілген әлемдік деректер қорына қол жеткізу мүмкіндігінің маңыздылығына тоқталған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов былай деді: «Денсаулық сақтау саласының нәтижелілігі екі жағдайға негізделеді – қоғамдық денсаулық сақтау саласының сапалы жүйесі, яғни аурудын алдын алу және сырқатты анықтау, емдеу, қалпына келтіру сапасы. Біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы екі саланы да қамтиды. Сондықтан негізгі қозғаушы ресурс – медицина қызметкерлерінің интеллектуалды әлеуеті».
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі отандық денсаулық сақтау саласындағы кедергілерді азайту мәселелерін жүйелі қарастырады
- Толығырақ
- Автор: Super User
2017 жылдың 03 қарашасында «СК-Фармация» ЖШС конференция залында денсаулық сақтау саласында бизнесті және жекеменшік секторды дамыту үшін қайта реттеу, кедергілерді азайту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысы болып өтті.
Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, жекеменшік медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: ең таңдаулы халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, тұтынылатын медициналық қызметтер көлемін бақылау және басқару жөніндегі ұсынымдар; МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер үшін қосымша ақы төлеуді енгізу; медициналық қызметтер сапасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексеру парақтарын және қауіп дәрежесін бағалау көрсеткіштерін қайта қарау ұсыныстары және ҚР ДСМ Денсаулық сақтау саласында бизнесті және жекеменшік секторды дамыту үшін қайта реттеу, кедергілерді азайту мәселелері жөніндегі жол картасы жобасына толықтыру енгізу туралы ұсыныстар.
Талқылау нәтижелері бойынша жоғарыда аталған мәселелердің қосымша қаралуы және сапалы өңделуі, сондай-ақ оларды жүзеге асыруда нақты шаралар белгілеу қажеттігі туралы шешім қабылданды
Қазақстанда қорғалған ақпараттық жүйенің көмегімен медициналық қызметкерлердің білімдері бағаланбақ
- Толығырақ
- Автор: Super User
2017 жылдың 8 қарашасында барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында Денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдарының басшылары мен орынбасарларының білімдеріне тәуелсіз бағалау жүргізіледі.
Қараша айының соңына дейін аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының ведомстволарға бағынысты медициналық ұйымдарының басшылары да осындай тәуелсіз бағалаудан өтеді.
Назар аударыңыздар, соңғы кезде медициналық қызметкерлердің білімдері мен дағдыларын бағалау барысында алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті. Өздерін ДСДРО Білімді және дағдыларды бағалау орталығының қызметкерлеріміз деп таныстыратын алаяқтар, тесттен немесе тәжірибелік дағдыларын бағалаудан өту кезінде жәрдемдесуге уәде етіп, талапкерлерден ақша алып отырған.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы барлық талапкерлерден біліктілікті растау/арттыру кезінде ақшалай сыйақы арқылы емтиханнан жеңіл өтуге немесе тапсырмай-ақ өткізуге уәде берушілерге сенбеулерін сұрайды.
Балалар арасында семіздіктің көбеюіне орай ДДҰ Қазақстан мектептерінде денсаулықты нығайту жобасын енгізеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
2017 жылдың 25 қазанында Астана қаласында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисі «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге бүкіл ел бойынша салауатты мектептер жобасының одан әрі таратылуын қамтамасыз ете алатын тұтқалы тараптар қатысты:
- мемлекеттік органдардың өкілдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі);
- кәсіби сектор (Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы, Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі SHE ұлттық үйлестірушілер, қазақстандық білім беру қызметкерлерінің салалық кәсіподақтары);
- халықаралық ұйымдар (ДДҰ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ);
- ДДҰ пилоттық жобасына қатысушы Қазақстан аймақтарының өкілдері (Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығы, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салты орталығы, жобаға қатысушы мектептердің директорлары).