Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық ұйымдардың басшылары мен кадрлық қызмет мамандары үшін «HR менеджмент. Адами ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында қашықтықтықтан оқытуды жүзеге асырады

Оқудың бұл форматы білімді сақтай отырып, ұйымға шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл бағыт:

- тәулік бойы қолжетімді бұқаралық оқыту 24/7;

- қажетті ақпаратқа тұрақты қол жеткізу;

-электрондық сертификаттау.

Алынған білім саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталған заманауи HR менеджмент негіздерін, медициналық мекеменің қызметіне заманауи  HR-технологияларын: жұмысқа қабылдау, бейімделу, тәлімгерлік, мансапты дамыту, ұйымдастырушылық мәдениет, медицина қызметкерлерін ынталандыру және ынталандыру, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайлары және т.б. ендіруге мүмкіндік береді.

Оқуға қатысуға тілек білдірушілер Zhumagulova_Kundyz@rcrz.kz электронды поштасына өз өтінімдерін жіберуге болады, өтініш формасы сілтесі бойынша қол жетімді.

2018 жылдың 15 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Финляндия университеттерінен  (JAMK, HAMK, LAMK) Йоханна Хейккиля (PhD,RN) ханым басқарған халықаралық сарапшылар тобының қатысуымен сериялық шеберлік кластар ұйымдастырып өткізді.

Шеберлік кластарды өткізу Республикалық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» Жобасының  «Денсаулық сақтау саласында стратегиялық әріптестік негізінде кадрлар ресурсын нығайту» 2.3 құрамдауыш іс-шараларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру мен дамыту Банкі келісім шеңберінде  жүзеге асырылды.

Шеберлік класстарда медициналық ЖОО, Жоғары медициналық және медициналық колледждерінің оқытушылары, мейіргерлік іс мамандары, тәжірибелік  денсаулық сақтау өкілдері қатысты.

Шеберлік кластар келесі тақырыптар бойынша өтті: «Медициналық ұйымдардағы мейірбикелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру моделі», «7-ші семестрдегі  қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша маманның құзыреттілігін арттыру негізіндегі «Мейіргерлік іс» мамандығы үшін оқытушылардың әлеуетін арттыру», «Зерттеулердің әдістемесі, жоспарлау мен сараптау бағасы туралы негізгі түсініктері», «Магистратура деңгейінде «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын  жетілдіру», «3-ші семестрдегі жеделдетілген қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша маманның құзыреттілігін арттыру негізіндегі  «Мейіргерлік іс» мамандығы үшін оқытушылардың әлеуетін арттыру» (1,5 жыл), ««Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша PhD деңгейінде мейірбикелерді

Бүгін, ДСДРО Алғыс айту күні қарсаңында және Балалар онкологиясымен күрес халықаралық күні аясында РЭДСО-мен бірлесіп Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында балалар үшін қайырымдылық шарасын өткізді.

Кішкентай пациенттер үшін кәсіби аниматорлар ойын-сауық бағдарламасымен шығып, өнер көрсетті, ал Орталықтың ойын бөлмелеріне ой дамыту және үстел үстінде ойнайтын ойыншықтар табыс етілді. Сондай-ақ, онкологияны жеңген балалар сырқат балаларды қолдау лебіздерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл алғыс айту күнін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан үш жыл бұрын ортақ тарихымызға құрмет көрсету, әралуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі ретінде белгілеген болатын. Бұл мереке, ең алдымен, қазақстандықтардың бір-біріне деген қайырымдылығының, достығының, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің жарқын бейнесі.

Достар!

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы амбулаториялық жағдайда  медициналық қызметтердің халыққа қолжетімділігі туралы онлайн-сауалнама жүргізеді

Мына белсенді сілтемеге өтіп бірнеше сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз https://ru.surveymonkey.com/r/MVKQXSP.

Біздің мақсатымыз  – елдегі алғашқы медициналық-санитариялық көмектің пациенттердің мұқтаждықтарына қаншалықты сәйкес келетіндігіне  экспресс-талдау жүргізу.

Сауалнама 2018 жылғы 28 ақпанға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында GlaxoSmithKline (GSK) халықаралық фармацевтикалық компаниясы өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында ТМД елдеріндегі (Қазақстан, Украина, Әзірбайжан) үш ірі қаланың ересек тұрғындарының тәуекел факторлары бағалана отырып, созылмалы обструктивтік өкпе ауруларының (СОӨА) таралуы бойынша эпидемиологиялық зерттеулердің  нәтижелері ұсынылды.

Зерттеу деректері бойынша бұрын диагностикаланған СОӨА-ның  таралуы 1000 адамға шаққанда Қазақстанда 13,8, Украинада  10,4 және Әзірбайжанда 4,3 құрады. Спирометрия   мәліметтерінің негізінде алғаш рет диагностикаланған  СОӨА-ның  таралуы 1000 адамға шаққанда Қазақстанда 63, Украинада 30 және 35 Әзірбайжанда  құрады.

Спирометриямен диагностикаланған СОӨА-ның  ең жоғарғы таралуы 65 жастан асқандар тобында байқалған. Барлық үш елде де  СОӨА-ның  еркектер арасында кеңінен таралуы байқалған.    

Зерттеулер барысында темекі шегу мен СОАӨ арасындағы статистикалық маңызды өзара байланыс анықталды.

Ауырлық дәрежесі бойынша барлық үш елде 2-сатыдағы пациенттер анықталды.