Возможно, это изображение (текст «стратегическое направление повышение имиджа конкурентоспособности организации. изучение потребности тренды рынка изучение поведения потребителей анализ целевого рынка выбор целевого рынка создание конкурентного преимущества»)

 

Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында ақылы қызметтерді дамыту бойынша маркетингтік стратегия әзірленді.
Ұйымның имиджін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қызметтің негізгі стратегиялық бағыттары белгіленген. Ол үшін орталық маркетологтары нарықтың қажеттіліктері мен трендтерін, тұтынушылардың мінез-құлқын зерделеуді, мақсатты нарықты талдау мен таңдауды тұрақты негізде жүргізуді жоспарлап отыр.


Орталық  "бір терезе" қағидаты бойынша бөгде ұйымдарға қызмет көрсетумен байланысты барлық рәсімдерді барынша автоматтандыру, онлайн сервистерді дамыту, көрсетілетін қызметтердің бағыттары мен тізбесін кеңейту және Орталық Азия елдерін қоса алғанда, жаңа нарықтарды игеру міндетін қойып отыр.


"Орталық жетекші халықаралық ұйымдармен және әлемнің жетекші елдерінің денсаулық сақтауды дамыту ұлттық институттарымен ынтымақтастықты, оның ішінде өз қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша дамытуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстың нәтижесі озық білімді беру және басқарудың заманауи технологияларын ҚР Денсаулық сақтау жүйесіне енгізу болуы тиіс", - деді бүгінгі кеңесте ақылы қызметтерді дамыту және маркетинг бөлімінің бастығы Жанна Шамбетова.


Бүгінгі таңда орталықта ақылы қызметтер бойынша бірыңғай call-center жұмыс істейді. Ақылы қызметтер бойынша барлық ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 8 777 7 700 950

 

 

Салидат Каирбекова находится в тяжелом состоянии в больнице в Астане: 23  июня 2016, 11:34 - новости на Tengrinews.kz

 

ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК болып қайта аталды.

 

Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні 28 шілде – гепатитке қарсы ұлттық және халықаралық күш-жігерді нығайтуға, жеке тұлғаларды, серіктестерді және жұртшылықты іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақыруға және ДДҰ-ның 2017 жылғы гепатит туралы жаһандық баяндамасында айтылған жаһандық шараларды жандандыру қажеттілігін еске салуға себеп болды.

ДСДРО құрылымында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті әдіснамалық сүйемелдеу орталығы жұиысын бастайды.

 

Шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні

 

 «Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді». Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.

Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күн қазақстандық қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында құрылған.

 «Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан əлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енді. Елімізде қасиетті қара домбырға деген құрмет ешқашан төмендеген емес», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Домбыра күні қарсаңында Елбасы кітапханасы қазақтың домбырашылары мен күйшілеріне арналған бейнеролик дайындады.

 

ролик_Ұлттық домбыра күні