Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді талқылады

 

12 шілдеде С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту ориалығының базасында  (бұдан әрі-Орталық) «Сараптама мен бақылаудан медициналық көмек сапасының саясаты мен стратегиясын қамтамасыз етуге» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

 

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстанда сапалы медициналық көмектің басымдықтарын, проблемалары мен одан әрі дамыту жолдарын анықтау.

 

Дөңгелек үстелдің жұмысына Денсаулық сақтау минрстрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, медициналық сақтандыру қорының өкілдері, Орталық қызметкерлері, шақырылған денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары қатысты.

 

Сондай-ақ, бейнеконференцбайланыс режимінде өңірдің ЖОО-лардың және 100-ден астам адамды қамти отырып, денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қосылды.

 

Дөңгелек үстел барысында медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингілеудегі өзекті мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік органның медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелері жөнәндегі сарапшыларын оқыту және қайта даярлау мәселелері талқыланды.

 

Баяндамашылар цифрлық технологияларды, медициналық персоналды оқыту мен менторлықты, мемлекеттік органның сарапшыларын даярлауды, медицина қызметкерлерін ынталандыруды пайдалана отырып, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін ұсыныстар берді, сондай-ақ медициналық қыщметтер көрсетудің сапасы саясатын қамтамасыз етуді іске асыру практикасымен алмасты, денсаулық сақтаудағы жүйелі проблемаларды талқылады.

 

Еркін дискуссия іс-шараның қорытындысы болды, оның шеңберінде қатысушылар медициналық көмекті арттыру мен қолжетімділігіне бағытталған пікірлермен және тәжәрибемен алмасудағы қиындықтарды еңсеруге күшті шоғырландыру үшін осындай кездесулер өткізу қажеттілігі жөніндегі идеяларымен алмасты.