Астанада ҚР ДСМ-нің сараптама кеңесі мүшелері, ҚР ДСМ-нің және «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК қатысуымен ҚР ДСМ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Возможно, это изображение 1 человек и текстВозможно, это изображение 9 человек и текст

Күн тәртібінде республикалық деңгейдегі денсаулық сақтаудағы стандарттау бойынша бірыңғай әдіснамалық орталық базасында медициналық көмек көрсету ұйымдарының клиникалық хаттамалары мен стандарттарын әщірлеуді үйлестіру жүйесін жетілдіру, препараттар мен диагностика әдістерінің тізімін қоса алғанда емдеу хаттамаларын жаңарту мәселелерін бейінді кәсіби медициналық қауымдастықтарға беру тақырыптары талқыланды.

 

Сондай-ақ, «Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министнің 2020 жылғы  21 қазандағы №ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

 

Кеңесте клиникалық хаттаманың – профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік медициналық көмек бойынша негізгі стандарттардың бірі болып табылатыны және қоғам оның одан әрі жетілуіне қызығушылық білдіретіні атап өтілді.

 

Халықаралық тәжірибеге сәйкес (Израиль, АҚШ, Аустралия басқа елдер) клиникалық ұсынымдар пациенттік ұйымдарды тарта отырып, әзірленеді, одан әрі клиникалық ұсынымдардың сараптамасын мемлекеттік орган жүргізеді. Клиникалық хаттамаларды тарату бойынша жұмысьы бейінді медициналық қауымдастықтар жүргізеді.

 

Біздің елімізде клиникалық хаттамаларды әзірлеу, сараптау және тарату халықаралық тәжірибенің аналогы бойынша жүргізіледі.

 

Бүгінгі таңда кәсіби қауымдастықтар клиникалық хаттамаларды әзірлеуге және оларды енгізуге қатысуда.

 

Осылайша, республикалық ғылыми институттар, ұлттық орталықтар, бейінді медициналық орталықтар клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді, өз кезегінде Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы дәлелді базаға сәйкес клиникалық хаттамаларға сараптама жүргізеді.

 

Сараптамалық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстанда клиникалық хаттамалардың мониторингін енгізу және науқастар қауымдастығын құрудағы алда атқарылатын жұмыстары бағытында ұсыныстар берілді.

 

Сондай-ақ, сараптамалық кеңестің кезекті отырысын өткізу ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларына жоспарлануда.

 

Анықтама:

Денсаулық сақтау жөніндегі сараптамалық кеңес бұл - денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу үшін консультативтік негізде құрылған тұрақты жұмысшы орган болып табылады.

ҚР ДСМ сараптамалық кеңесінің мүшелері ҚР ДСМ-нің, медициналық қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының сарапшыларынан құралған.