Осы жылдың 12-23 маусымы аралығында өңірлерден, сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларынан 45 дәрігер Астанада клиникалық зерттеулер бойынша семинар (GCP) шеңберінде оқудан өтті.
Семинарды ҚР ДСМ "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" жанындағы Клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы ұйымдастырды.
Аталған семинардың мақсаты-зерттеуші-дәрігердің мамандануын кеңейте отырып, Қазақстанда клиникалық зерттеулерді одан әрі дамыту.
Семинар аясында тыңдаушылар халықаралық стандарттарға (GCP) және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау принциптері мен әдістерінің базалық білімдері мен дағдыларымен танысты.
Айта кетейік, "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК ғылыми-негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуі мен халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүйесін қамтамасыз ету, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту бойынша Қазақстандағы жетекші ұйым болып табылады.
Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық тұрғыдан іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.
Орталық сондай-ақ Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның жұмыс органы, Формулярлық комиссияның жұмыс органы болып табылады, олардың жұмысын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылады.