Денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар мен философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті

Олар Қазақстанның медициналық білім беру және ғылым ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқудан өтті. Отырыс денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында өткізілді.
Республикалық комиссияның жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аккредиттелген ҮЕҰ, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, сондай-ақ жастар (студенттік) ұйымының өкілдері қатысты.
Бұл ретте түлектердің жалпы саны 9 000 - ға жуық адамды құрайды, олардың ішінде медициналық кадрларға сұраныстар мен өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып - 4 353 жас маман (бакалавриат – 158, интернатура – 2 566, резидентура - 1 216, магистратура - 241, докторантура-172) бөлуге жатады.
Айта кетейік, ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша («Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-2-тармағы), өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын грант бойынша бітірушілердің 20% - ы (жүктілігі, 3 жасқа дейінгі бала күтімі және мүгедектігі себебінен міндетті түрде жұмыс істеуден босату) пайдаланды.
Осылайша, комиссияның атқарған жұмысының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымына 3 281 түлек, оның ішінде қалаларда – 2 382, ауылдық жерлерде - 899 түлек жұмысқа алдын ала орналасу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері медициналық білім беру және ғылым ұйымдарына түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде, оның ішінде әрбір ұйымға бекітіліп берілген өңірлерде біркелкі бөлуді ұсынды. Сондай-ақ, «Назарбаев Университет» ДББҰ және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберілген 2023 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруды ерекше бақылауға алуы тиіс.
Бұдан басқа, республикалық комиссияның жұмыс органы атынан С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мүгедек балалардың қамқоршысы болып табылатын адамдарды жұмысын өтеу жөніндегі міндеттен босату өлшемшарттарын кеңейту бөлігінде НҚА-ға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды.


Жалпы, өңірлендіруді және тұрғылықты жерін ескере отырып, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жыл сайын, тұрақты негізде республиканың ЖОО, ҒЗИ және ҰО жұмысқа орналастыру жөніндегі бөлімдер (карьер-орталықтар) жүргізеді. Әрі қарай С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан республикалық деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен жинақтауды, өзара іс-қимылды, сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа алдын ала бөлуді жүзеге асырады. Бұл ретте www.enbek.kz. электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктері де пайдаланылады.
Денсаулық сақтаудың кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші атынан С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру сапасын арттыруға, медицина қызметкерлеріне сұранысты және даярлау жүйесін үндестіруге ықпал етеді. Бұл жұмыс өңірлер мен көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде кадрлар теңгерімсіздігін төмендетуге, сондай-ақ елдің денсаулық сақтау кадр ресурстарын тиімдірек басқаруға ықпал етеді.