Оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті ҚР ДСМ "Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" РМК-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысты.
Семинарда баяндамашылар арасында ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаменті Адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы И. К. Ажгалиева және ҚР ДСМ ҰҚШҰ обсерваториясының бас мамандары Т. Б. Өміралин және Д. К. Малбекова сөз сөйледі.
Семинар барысында 2022 жылы резидентурада медициналық кадрларды даярлауға жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарын орналастыру мониторингінің қорытындылары талқыланды. Семинарға қатысушылар өңірлік гранттарды орналастыру кезіндегі нормативтік-құқықтық негіздермен, 2022 жылға арналған оқу жоспарымен және 2022-2023 оқу жылына арналған жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет және медициналық ұйымдар қаражаты есебінен өңірлер мен дайындық мамандықтары бөлінісіндегі гранттарын орналастыру қорытындыларымен таныстырылды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен қолда бар тәжірибені ескере отырып, гранттарды орналастырудың бірқатар проблемалық мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті Адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы И. К. Ажгалиева семинарға қатысушыларға медициналық кадрларды болжауды одан әрі енгізіп, жан-жаұты тәжірибе жинақтап, жүргізіліп жатқан практикалық жұмыс кезінде туындаған ұсыныстарды, ең алдымен денсаулық сақтау басқармалары мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын ҚР-да КРЗ болжамдарын модельдеу, гранттарды орналастыру қажеттілігіне көніл бөліп, және денсаулық сақтау кадрларын дамытудың басқа да өзекті мәселелері туралы айтып берді.