ДСДРО «Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында біліктілікті арттыру цикліне тыңдаушылар қабылданатындығы туралы хабарлайды

Автор: Super User

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында бес күндік біліктілікті арттыру циклына тыңдаушылар қабылдайды.

 

Циклді өткізу күні 2019 жылғы 18-22 қараша.

 

54 сағаттық курс ҒЗИ және медициналық ЖОО басшыларына, қызметкерлеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілерге арналған.

 

Цикл аясында келесі мәселелер қаралатын болады:

- денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі халықаралық стандарттарға шолу (GCP, GLP, GAP, GMP);

- ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары;

- ғылыми жобаларды мониторингілеу, бағалау және ғылыми жобаларды орындау бойынша команданы ұйымдастыру дағдылары;

- ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша есептерді дайындау дағдылары (ғылыми есептер, жарияланымдар, қаржылық есептер және т. б.)

 

Оқытуды ДДҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі сертификатталған жаттықтырушылары жүргізеді.

 

Бір тыңдаушыға қатысу құны 42 619 теңгені құрайды (ҚҚС-пен).

 

Оқуға қатысуға ниет білдірушілер rcrz.nauka@inbox.ru эл. поштасына өтінім жібере алады немесе ДСДРО Білім беруді және ғылымды дамыту орталығының медицина ғылымын және этиканы дамыту бөліміне мына телефондар арқылы жүгінуге болады: 8 (7172) 700 950, ішкі 1115, +7 707 9400834, Аубакирова Алма Серкпаевна.