ҚР ДСМ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның құрамына қосу үшін конкурсқа қатысу

Автор: Super User

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

 

Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып  табылады және клиникалық хаттамаларды, медициналық технологияларды бағалауды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау  саласындағы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған.

 

Комиссия ҚР ДСМ, «Атамекен»  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) өкілдерінен тұрады. Әрбір  ҮЕҰ-дан  Комиссияның құрамына бір ғана өкіл енгізіледі.

 

Кандидаттар іріктеуге қатысу үшін жұмыс тобына мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

 

Комиссия мүшелігіне кандидаттардан құжаттар 2018 жылғы 5 қазанға дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы, 010000,  Астана қ,  Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс не электрондық мекенжайға: n.ulukbek@mz.gov.kz.